Атырау облысында электр энергетикасын дамытудың 2034 жылға дейінгі жоспары әзірленді. Бұл туралы өңір әкімдігі хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат жалпы қуаты 1 290 МВт болатын бес ірі жобаны іске асыруды көздейді. Өңірдегі электр энергиясын өндіру көлемі – 1 266 МВт.

«Генерация көлемін ұлғайту қажеттілігі электр энергиясын тұтынудың өсуімен, оның ішінде жаңа өнеркәсіптік жобалардың іске қосылуымен байланысты», - деп жазылған хабарламада.

Жаз мезгілінде көршілес энергия тораптардан алынатын қосымша электр энергиясын 220–270 МВт шамасында болады.

2030 жылға дейін бес жаңа нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр:

  • 01қуаты 250 МВт-тан болатын «Sterna Power» ЖШС мен «Hualin Energy Ltd» бу-газ қондырғылары,
  • 02Атырау ЖЭО-ны 210 МВт-қа кеңейту,
  • 03қуаты 330 МВт «KUS» ЖШС БГТЭС құрылысы,
  • 04қуаты 250 МВт «Батыс Каспий Энерго» ЖШС жел электр станциясы.

Сонымен қатар «KEGOC» АҚ-мен бірге желілік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Ұзындығы 604,3 шақырымдық, кернеуі 500 кВ электр беру желісінің құрылысы Батыс аймақты Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру жұмыстарын 2027 жылы аяқтау көзделген.

Ведомство Құрманғазы ауданы Азғыр өңіріндегі тоғыз елді мекен электр энергиясын Ресей Федерациясынан алып отырғанын атап өтті. «Бұл орайда екі нұсқа қарастырылуда: газ-поршеньді электр станциясын салу немесе ұзындығы 205 км болатын 110 кВ-тық жоғары вольтты электр беру желісін тарту», - деп жазылған хабарламада.

Облыс әкімі Болат Ақшолақовтың айтуынша, энергетиканы дамыту тұтынудың болашақтағы өсімін ескеріп, содан бұрын жүруге тиіс. «Жобалардың уақытында іске асырылуын қамтамасыз ету, дербес генерациялау қуаттарын арттыру және елді мекендерді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру қажет. Сөйте тұра, халыққа тариф жағынан қосымша салмақ түспеуге тиіс», - деді ол.

Жиында 2024-2040 жылдарға арналған өңірлік газ балансы да қаралды. Аймақ басшысы газ өндіру мен тұтыну балансын талдауды, алдағы уақыттағы сұранысты және өз өндірісін арттыруға қажет инвестицияларды айқындауды тапсырды.