2025 жылдың 10 айының қорытындысына сәйкес, Атырау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер қалыптасты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Серік Шәпкенов хабарлады, деп жазады qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, өңірдің дамуының басты экономикалық драйвері – мұнай-газ саласы. Бүгінде құны 10,7 млрд долларды құрайтын үш ірі зәкірлі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

««Бұдан бөлек, құны 104 млрд теңге болатын 20 инвестициялық жоба іске асырылуда, нәтижесінде 1 320 жаңа жұмыс орны ашылады», — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.»

Агроөнеркәсіп кешенінде 116,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өңірдің мал шаруашылығында да өсім бар.