Атырау әуежайында көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген 6 жолаушыны анықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар Атырау – Стамбұл әуе рейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шықты.

"Құқық бұзушылар елге оралғаннан кейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар аталған тұлғалармен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция көлік инфрақұрылымы объектілерінде заң талаптарын сақтау аса маңызды екендігін еске салды.