Атыраулық құтқарушылар 22 тамызға қараған түні суға батып кеткен 14 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шықты.
Ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, құтқарушылар 2024 жылғы 24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің денесін оқиға орнынан 12 км қашықтықта судан алып шыққан.
«— Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды, — делінген ведомство хабарламасында.»
—
ТЖД өкілдері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті екенін, оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.
«Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз», — дейді құтқарушылар.