Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
««15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.»
—
Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап тұр. Атыстың себебі анықталып жатыр.