Атбасар қаласында футбол матчы кезінде ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 58 жастағы ер адам аймақтық жарысқа Астанадан барған. Матч кезінде оның жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған.
Өкінішке қарай, ер адам есін жимастан қайтыс болды. Облыстық полиция қайғылы оқиғаның болғанын растады.
Қазіргі кезде Атбасар аудандық полициясы 1968 жылы туған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Полицейлердің айтуынша, алдын ала мәліметке сәйкес, өлімнің себебі – жүрек ауруы. Нақты шешім сараптама қорытындысынан кейін қабылданады.
