Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, 7-еуі жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

10 тамызда Астана–Петропавл автожолында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды.

Осы көліктің тағы алты жолаушысы және ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолда барынша мұқият болуға шақырды.