Фото: видео скриншот
20 қарашада Астанаға Никол Пашинян келген еді. Ал бүгін ол қазақша әнмен түсірілген видеосын жариялады. Кадрдан оның қолымен жүрек жасап, сәлем жолдағанын көруге болады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Видео фонында қазақстандық Bayansulu есімді әншінің «Aua rai» әні қосылған.
Еске сала кетейік, кеше Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді.
Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.
«Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)»
—