Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірнеше сағат ішінде 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
5 ақпан күні кешке елордада алдымен жаңбыр жауып, артынша қалың қарға ұласты. Соның салдарынан жолдарда көктайғақ пайда болып, жүргізушілер үшін қауіпті жағдай туындады.
Қалалық полиция департаменті жүргізушілерге жолда барынша абай болуға, белгіленген жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтауға шақырды.
«Қала сыртына сапарға шығудан бас тартуға кеңес береміз. Қолайсыз ауа райына байланысты қала сыртындағы тасжолдарда көлік қозғалысы ішінара шектелді. Жаяу жүргіншілер де сақ болуы қажет. Жолды тек белгіленген жерден кесіп өтіп, жарық шағылыстыратын элементтерді пайдаланыңыздар. Жолдан өткен кезде құлаққапты шешіп, телефонмен сөйлесуді доғара тұрған жөн, – делінген полиция хабарламасында.»
—
Фото: Әлеуметтік желіден
