Әлеуметтік желіде баланың ернінен сүйген қыздың әрекеті қызу талқыға түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Кадрда қыздың көлікте бүлдіршіннің ернінен сүйгені көрінеді. Видео қоғам арасында наразылық тудырды.

Полиция бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Полицияның мәліметінше, қыз – баланың анасының құрбысы.

"Бұл факт бойынша баланың анасының құрбысы саналатын 23 жастағы қыз анықталды. Нәтижесі бойынша оның әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Сонымен қатар баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін баланың анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.