Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсінде жолаушының 7,6 млн теңгесі ұрланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полицейлер жедел іздестіру кезінде күдіктілердің кім екенін анықтап, ақшаны иесіне қайтарды. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады, олар қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, - дейді ведомство.

Ақшаны ұрлады деген күдікке екі шетелдік ілінді.