10 тамыздан бастап Астанаға ауыр жүк көліктерінің кіруіне тыйым салынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімінің қаулысынан кейін қабылданған бұл шешім Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының схемасы мен тәртібін бекітеді. Қаулыда: "Транзиттік ауыр жүк көліктеріне қала аумағына кіруге тыйым салынады", - делінген.

Құжат 10 тамыздан бастап күшіне енді.