Астана қаласының әкімдігі Тілендиев даңғылы арқылы қаладан шығатын жүргізушілерге уақытша басқа бағытты пайдалануға кеңес берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

22–26 шілде аралығында Баршын көшесінен Тілендиев даңғылындағы көлік жолайрығына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бұл аумақта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Әкімдіктің хабарлауынша, қалаға кіру бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады. Ал қаладан шығу уақытша енгізілген қозғалыс сызбасына сәйкес ұйымдастырылады. Жаңа қозғалыс сызбасына сәйкес, қаладан шығатын жүргізушілер Баршын көшесіне бұрылып, одан әрі Сәбит Мұқанов көшесі арқылы айналма жолға шыға алады.