VIETJET QAZAQSTAN компаниясы "Астана – Омбы – Астана" бағыты бойынша әуе рейстерінің уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның ресми хабарламасында: "Омбы қаласы маңындағы әуе кеңістігін пайдалануға енгізілген кезеңдік шектеулерге және рейстердің қауіпсіз әрі тұрақты орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмауына байланысты VIETJET QAZAQSTAN Астана – Омбы – Астана бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатады", - делінген.

Әуе рейстері 31 тамызға дейін тоқтатылып отыр.

Ал билетке брон жасаған жолаушылар ақшаны толығымен қайтар алады. Компания мамандары: "Билет VIETJET QAZAQSTAN сайтынан сатып алынған болса, әуе компаниясының байланыс орталығына, ал турагенттік немесе онлайн-агенттік арқылы сатып алған жағдайда олардың өздеріне хабарласу қажет", - дейді.