Air China компаниясы Астанадан Бейжіңге әуе рейстерінің санын арттыруға шешім қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы айдан бастап Бейжіңге аптасына алты рет рейстер орындалады. Оның үшеуі «Астана – Бейжің» бағыты бойынша тікелей, тағы үшеуі «Астана – Сиань – Бейжің» бағыты бойынша орындалады, делінген ресми хабарламада.

Рейстер кестесі

  • 01**Астана – Сиань – Бейжің:** дүйсенбі, сәрсенбі, жұма.
  • 02**Астана – Бейжің:** сейсенбі, бейсенбі, сенбі.