Көлік министрлігі Астанадан Бангкокқа тікелей рейс ашылатынын хабарлады. Ұшуларды 2026 жылдың 11 желтоқсанынан бастап "Air Astana" авиакомпаниясы орындайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Рейстер қалай орындалады
Министрліктің хабарламасына сәйкес, рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.
"Осылайша, жаңа әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны 4 бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды", — деп жазылған хабарламада.
Қазіргі бағыттар
Қазіргі уақытта Таиландқа мынадай бағыттар бойынша рейстер орындалады:
- 01Алматы – Пхукет, аптасына 7 рейс (Air Astana);
- 02Алматы – Бангкок, аптасына 9 рейс (Air Astana – 6, Thai AirAsia X – 3);
- 03Шымкент – Бангкок, аптасына 2 рейс (SCAT).
Ынтымақтастықты нығайту
Екі мемлекеттің астаналары арасындағы жаңа әуе бағыты туристік және іскерлік сапарлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді, дейді министрлікте.
