Астанада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан үш бала көз жұмып, бір әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Түнде Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты үйдің 15-қабатындағы пәтер отқа оранған. Жалын пәтердің ішінен тұтанған.
««Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден жетті. Тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіру кезінде жанып жатқан пәтерден күйік шалған әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», — деп хабарлады ТЖМ.»
—
Зардап шеккен әйел №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар пәтер ішінен кәмелетке толмаған үш баланың денесін тапты.
Өрт кезінде жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын өздігінен сыртқа шыққан. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Әкімдік қаза болғандардың отбасына және зардап шеккен әйелге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
