Астанада жаңа әуежай Сингапур компаниясының қатысуымен салынады. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Астана қаласының әкімдігі, Көлік министрлігі және Changi Airports International (CAI) елорда әуежайы инфрақұрылымын ұзақ мерзімді дамыту саласындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Негіздемелік келісімге қол қою қорытындысы бойынша екі негізгі бағытта ресми келісімге қол жеткізілді.
Жаңа әуежай салу
Тараптар Астана қаласында жаңа әуежай салу жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісті.
Қолданыстағы әуежайды дамыту
Бұл тармақта компанияның әуежайды басқаруға, операциялық қызметке (O&M) және оны одан әрі дамыту бағыттарына қатысуы көзделген.
