Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында ыстық ауа райына байланысты қосымша салқындату шаралары қабылдануда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының мәліметінше, вокзалда температуралық режим мен ауаны баптау жүйесінің жұмысы тексеріліп, күту залдары мен техникалық үй-жайлар қаралды. Тексеру қорытындысы бойынша ылғалдандыру функциясы бар қосымша 20 өнеркәсіптік желдеткішті орнату туралы шешім қабылданды.

Вокзал бойынша кезекшілерге тәулік бойы температуралық режимді бақылау және жолаушылардың өтініштеріне жедел ден қою тапсырылды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Компания хабарлауынша, елордада қалыптасқан әдеттен тыс ыстық ауа райы салдарынан ауаны баптау жүйесіне жүктеме айтарлықтай өскен. Қосымша жүктеме Астана-1 вокзалын жаңғыртуға байланысты "Нұрлы жол" вокзалына 16 жолаушылар пойызын уақытша ауыстырумен де байланысты.

"Нәтижесінде жолаушылар ағыны 23%-ға өсті, бұл салқындату жүйесіне жүктемені де арттырды", - дейді ҚТЖ-да.

Еске салайық, бұған дейін азаматтар "Нұрлы жол" вокзалында желдеткіштер жұмыс істейтініне шағымданып, әлеуметтік желіде пікір қалдырған болатын.