Астана қаласы Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барған кезде бірінші қабаттағы пәтердің ішінде ашық жалын байқалып, қою түтін болған.

Өрт орнында құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында ашық жалын басылып, өрт оқшауланды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін автосаты мен үш буынды саты жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.