Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Өрт сөндірушілер отты сөндіріп, тұрғындарды эвакуациялауда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы бөлімшелер оқиға орнына келгенде пәтер ашық жалынмен жанған, қатты түтін байқалған. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кіріскен.
«Өртті толық жою үшін барлық шаралар қабылдануда. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде. Тұрғындарды эвакуациялау үшін автобаспалдақ және үш буынды баспалдақ жұмылдырылған», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Ведомствоның деректері бойынша, өрт оқшауланған. Хабарлама жасалған сәтте зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Бұған дейін «Курсив» Теміртауда өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуын қалай болдырмағаны туралы жазған болатын.
