Астана қаласындағы Сығанақ көшесінде Tarlan Astana жолындағы электр кабельдері өртенді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетері, LRT-ның жаңа атауы ресми түрде «Tarlan Astana» болып өзгерген.