Астана әкімдігінің хабарлауынша, 28 тамыздан бастап Tarlan Astana жүйесінің «Әуежай» станциясы жабылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Станцияда бір айға жуық құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Әуежайдың 2-терминалын LRT станциясымен байланыстыратын жабық өткел жолаушылар үшін ашық болады.
Еске сала кетейік, Tarlan Astana станцияларында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді. Жолаушылардан түскен 34 өтініш қаралып, 10 әкімшілік материал толтырылды.
Сонымен қатар 113-тен астам ұмытылған заттар, соның ішінде ұялы телефондар, сөмкелер және басқа да жеке мүліктер иесіне қайтарылды.
