Астанадағы сауда орталықтарының бірінде жас жігіт пышақ алып жүрген. Оқиғаның видеосы желіде тарады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, сауда орталығында ер адамның қолына пышақ ұстап, бутиктерге кіргені туралы хабарлама түскен. Полицейлер 19 жастағы жігітті анықтап, бөлімшеге жеткізді.

Тергеу барысында оның пышақты үйінен алғаны анықталды. "Оның денсаулығына қатысты мәселелер болды. Жедел жәрдем шақырылып, кейін ол әкесіне тапсырылды", - дейді полицейлер.

Ал сауда орталығының әкімшілігіне қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.