Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында республикалық бәйге өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орайластырылған. Бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды.

Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты. Сәйгүліктер үш бағыт бойынша бақ сынады: 9 шақырымдық «Құнан» бәйге, 16 шақырымдық «Топ» бәйге және 25 шақырымдық «Аламан» бәйге.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақылар, екі бірдей «Changan» автокөлігі мен бір бөлмелі пәтер табысталды.