Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт 3 тәуліктен кейін толық сөндірілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен жедел штаб құрылды. ТЖМ бөлімшелері мен Астана қаласы әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 3 гектар аумақты қамтыған өрт толық сөндірілді, деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілді.

Өртті тиімді сөндіруді қамтамасыз ету үшін ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды.