Бүгін «Астана Арена» стадионында қала күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Концерт кезінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері қолданылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелік кештің жүргізушілері – Линара Есен мен Дарын Олжабай. Сонымен қатар көрермендерге жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған цифрлық жүргізуші Батыржан Тазабеков таныстырылады.
Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – «Формат» тобы, Маржан Арапбаева, Raim, Ерке Есмахан, Әлішер Кәрімов, BAYANSULU, Alem, Bellucci, Yenlik, Abik Jeksen және Қайрат Нұртас өнер көрсетеді.
Мерекелік шараларға байланысты қосымша 60 автобус желіге шығарылады. Сондай-ақ, «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда да ашық аспан астындағы концерт өтеді. Басталуы – сағат 18:00-де.
