Астанада ескі вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 28 маусым күні сағат 05:35-те болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, вокзалдың жеке аумағындағы қоғамдық тамақтану орнының төбесі опырылып түсті. Екі адам медициналық көмекке жүгінген, оларға алғашқы жәрдем көрсетілген, олар ауруханаға барудан бас тартқан.
«Айта кетері, төбесі жартылай опырылған асхана ескі вокзал ғимаратының жеке меншіктегі бөлігінде орналасқан. Ғимараттың бұл бөлігі 2002 жылдан бері жеке меншікке тиесілі. Мүліктің жеке меншікке өтуіне байланысты ол енді «ҚТЖ» ҰК» АҚ технологиялық процестерінде пайдаланылмайды, ал компанияның бұл мүлікке билік етуге құқығы жоқ», - делінген мәлімдемеде.
