Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты екі жігітті қоғамдық дәретханада түсірілген арандатушы бейнеролик үшін жауапкершілікке тартты. Олар бейнені TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, ер адамдар әйнектің автоматты күңгірттену функциясын қасақана пайдаланбаған, бұл жекелікті қамтамасыз етуге арналған. Олар дәретхананы пайдалану процесін имитациялап, өз әрекеттерін айналасындағыларға көрсеткен. Сонымен қатар, қоғамдық орында былап сөйлеген.

Бейне TikTok әлеуметтік желісінде жариялау үшін арнайы түсірілген және интернетте тез таралып, қоғамның қатты сынына ұшыраған.

Екі құқық бұзушы да кінәсін мойындады. Сотта әкімшілік кодекстің 434-бабының санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды көздейтіні атап өтілді.

«Сот қаулысымен екі ер адам да ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, TikTok-тағы бейне полиция қызметкерлерінің назарына әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде түскен. Құқық қорғау органдары бейненің авторын және «бас актерін» іздеп тапты. Олар 20 және 22 жастағы екі астаналық болып шықты.