Астанада өткен «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің жалпы жүлде қоры 4,65 миллион долларды құрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарысқа 40 елден шамамен 29 000 көрермен қатысты, ал халықаралық турнирдің трансляциялары 453 миллионнан астам қаралым жинады.

Индонезиялық Bigetron by Vitality командасы MOBA Mobile MLBB турнирінде рекордтық 315 000 долларды ұтып алды.

«Болашақ ойындарының» командалары мен жүлде қоры туралы толық ақпаратты біздің инфографикадан табуға болады.