Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанадағы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауын беруге шешім шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа атау ресми қолданысқа енгізілді. Ресми хабарламада: «Жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса береді», — делінген.
Айта кетері, Астана қаласының бас мешіті — Қазақстан мен Орталық Азиядағы сыйымдылығы бойынша ең үлкен мешіттердің бірі. Мешіттің кірпіші 2019 жылғы 18 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қаланды. Мешіт 2022 жылдың 12 тамызында салтанатты түрде ашылды.
