Астанадағы партияның орталық аппараты орналасқан ғимарат маңдайшасындағы AMANAT жазуы ӘDILET атауына ауыстырылды. Ғимарат маңдайшасындағы өзгерісті тілшіміз байқады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғимарат күзетшісінің айтуынша, маңдайшадағы жазу бүгін таңертең ауыстырылған.

Айта кетері, Астанада өткен съезде AMANAT партиясының делегаттары ӘDILET партиясына қосылу туралы шешімді бірауыздан қолдады.