Астанада 25 жастағы жүргізуші жол қозғалысы ережесін 306 рет бұзған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мониторинг барысында "Hyundai Palisade" автокөлігінің жүргізушісі анықталып, ол биылғы жылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет елемеген.

169 құқық бұзушылық белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырумен байланысты болса, 134 жағдайда ол автобус жолағымен жүрген. Осы жылдың 3 мамырында бейнебақылау камералары оның "Ұлы Дала" даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген.

Құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі мен жүйелі сипатын ескере отырып, сот оның әрекеттерін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.