Астанада тапсырыспен жиһаз дайындауға қатысты алаяқтық схема әшкереленді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленуші әлеуметтік желідегі жиһаз дайындау туралы жарнаманы көріп, шарт жасасқан. Өлшемдер алынғаннан кейін ол 4,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударған. Осыдан кейін екі алаяқ онымен байланысқа шығуды тоқтатқан.
Прокуратура мәліметінше, олардың әрекеттерінен 19 азамат зардап шегіп, келтірілген залалдың жалпы сомасы 24,6 млн теңгеден асқан.
Сот үкімімен олардың әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды.
