Астанада көпқабатты үйдің жертөлесінде заңсыз бейресми «концерт» ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір топ жастың үстінен тұрғындардан шағым түскен. Оқиға орнына келген полиция үйдің жертөлесінде «жерлеу концерті» деп аталатын рәсім өткізіліп жатқанын анықтаған. Іс-шара жергілікті атқарушы органдардың алдын ала келісімінсіз өткізілгені белгілі болды.

«Тексеру кезінде тар бөлмеде 65-ке жуық адам болған. Қатысушылар ішінара жалаңаштанып, бір-бірін итерумен болған, осылайша қауіп төндірген. Сонымен қатар мекемеде алкоголь өнімі сатылған», - дейді полиция.

Барлық қатысушылар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін және кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпті әрекеттерді болдырмау мақсатында полицияға жеткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылып, кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер өткізілген.