Астанада Сарайшық ауданында жеңіл көлік А. Бөлекпаев көшесіндегі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенге соғылды. Оқиға салдарынан сауда павильоны ішінде болған 15 жастағы қыз зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция бұл іс бойынша тергеу бастады. Оқиға бүгін сағат 18:30 шамасында болды. Куәгерлер жіберген видеода Hyundai Accent көлігінің Бөлекпаев көшесіндегі «Аяла Фруктс» дүкеніне қалай кіріп кеткені көрсетілген.

Кейінірек анықталғандай, көлік жүргізушісі небәрі 18 жаста болған. Ол басқаруды жоғалтып, көкөніс павильонына соғылған. Жүргізушінің тәжірибесіздігінен зардап шеккен қыз медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек алуда.

Бұған дейін «Курсив» Өскеменде жасөспірімдер отырған көліктің аударылып, өртеніп, екі адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.