Астанада жеке тұрғын үйден жылан табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін 112 қызметінің пультіне Сарыарқа ауданындағы Бесшатыр тұйығында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласынан жылан табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті.
Олар арнайы құралдың көмегімен жыланды ұстап, елді мекеннен алыс жерге жіберді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
Құтқарушылар жыланды байқаған жағдайда оған жақындамай, қауіпсіз арақашықтықты сақтап, бірден 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.
Айта кетері, Ақмола облысында жыланның екі түрі жиі кездеседі. Сужылан адамға қауіп төндірмейді, ал дала сұржыланы улы болып келеді.
