Астанада жасөспірім Бөгенбай батыр даңғылындағы аялдама павильонының шынысын сындырды. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал келтірілген шығын ата-анасынан өндіріледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, жасөспірім аялдама шынысына аяғымен соққы жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер оның жеке басын анықтап, кәмелетке толмағанды профилактикалық есепке қойды. Оның әрекеті сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады.
Ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қала мүлкіне келтірілген шығынды өтеуге міндетті.
«Әрбір осындай факт құқықтық баға алады, ал кінәлілер жауапкершілікке тартылады», — деді полицияда.
Бұған дейін «Курсив» Астанадағы Журналистер аллеясында 18 жастағы жігіт пен жасөспірім вандализмге күдікті екенін жазған болатын.
