Астанада көліктің жарылуы салдарынан ауруханаға түскен ер адам көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлердің айтуынша: "Өкінішке қарай, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, жарақаттардың салдарынан науқас қайтыс болды". Олардың сөзінше, науқастың денесінің 90-95% күйіп қалған.
Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Еске сала кетейік, 31 мамырда Астанада Аманжолов көшесіндегі автокөлікте газ жарылып, бірнеше адам ауыр жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.
