Астанада жалған қажылық ұйымдастырғандар сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаланың екі тұрғыны Instagram-да Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастыруды кеңінен жарнамалаған. Олардың уәдесіне 37 азамат сеніп, барлығы жалпы көлемі 60 млн теңгені аударған.

Ал қылмыскерлер ол ақшаны өздеріне жұмсаған. Сот үкімімен екеуі де 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап та орындалуы шарт. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.