Астанада зейнеткерге жасалған шабуыл видеотаспаға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Telegram-дағы Astanovka98 арнасының авторының айтуынша, оқиға Майлин көшесі, №23 үйдің жанында болған. Жарияланымда көрсетілгендей, белгісіз ер адам күндізгі уақытта тұрғын үй ауласында қарт адамды ұрған.

Жазбаны жіберген куәгердің айтуынша, соққыдан кейін ер адам әйелдің артынан қуып барып, оны да ұрған.

Астана қалалық полиция департаменті «Курсивке» видеодағы адамды тауып, ұстағанын хабарлады.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 28 жастағы ер адам мас күйінде подъезден шығып, қарт адамға дене жарақатын салғаны анықталды. Сонымен қатар, ол зардап шеккен адамды қорғауға тырысқан 41 жастағы әйелге де соққы берген», — деп хабарлады полиция.

Бұған дейін «Курсив» 22 жастағы ер адамның пәтер иесімен жанжалдан кейін ұсталғаны туралы жазған. Пәтер иесі одан үйден шығуды сұраған. Видео әлеуметтік желілерге тараған. Полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша іс қозғаған.