Астанада сүт өңдеу зауытын іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпорын елордалық нарық үшін сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерін өндіруге бағытталған. "RnR Group" ЖШС директоры Виталий Долженконың айтуынша, жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды.

"Зауыт 2026 жылы пайдалануға берілді, алғашқы өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеуді және көлемді одан әрі ұлғайту мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ 350 түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Кәсіпорында өндірілетін барлық сүт өнімдері Астана қаласы мен оған жақын өңірлерде сатылады.