2026 жылдың басынан бері ҚР ІІМ шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп шетелде 47 қазақстандықты, ал Қазақстан аумағында 107 шетелдік қылмыскерді ұстады. Ең қауіпті тұлғалар туралы ІІМ хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады. Ол Алматыда тұрғын үй кешенін салуға уәде беріп, үлескерлердің ақшасын заңсыз иемденген. Келтірілген залал 1,5 млрд теңгені құрайды.
Тағы бір ұстау Алматыда ҚР ІІМ Интерполының сұрауы бойынша жүргізілді. Онда Хорватия құқық қорғау органдарының желісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген шетелдік тұтқындалды. Ол Қазақстан аумағында 30 млн еуроны жымқыруға және заңдастыруға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп күдіктеледі.
Қазақстандық алаяқ Тбилисиде де ұсталды. Ол да халықаралық іздеуде болған, қазір оны экстрадициялау мәселесі шешілуде. Тергеу нұсқасы бойынша, ол автомобильдерді сату кезінде бірқатар алаяқтық жасап, 118 млн теңгеден астам залал келтірген.
Сонымен қатар, қазақстандық полицейлер Молдовада шетелдікті ұстады. Ол Қарағанды облысындағы есірткі зертханасын үйлестіріп, қаржыландырған, ақшаны криптовалюта арқылы заңдастырған, ал мәмілелерді мессенджерлер арқылы жасаған. Жасырын есірткі зертханасы жойылды.
Бұған дейін «Курсив» Астана құрылысшыларының тұрғын үйді заңсыз сатқаны үшін 49 млн теңге айыппұл төлегенін жазған болатын.
