Астанада полицейлер интернет-дүкеннің есірткі қоймасын тапты. 33 жастағы күдіктінің пәтерінен тыйым салынған заттар салынған 2 мыңнан астам орам табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам есірткіні сақтау және тарату күдігімен ұсталды. Жеке тінту кезінде оның белдік сөмкесінен сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған орамдар табылды. Сараптама бұл марихуана екенін анықтады.
«Күдіктінің пәтерін тінту кезінде әртүрлі түсті изолентамен оралған, ұқсас заты бар 2 мыңнан астам орам табылды. Сонымен қатар, сараптама нәтижелері бойынша гашиш майы болып табылатын сұйықтығы бар ыдыстар тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы екі килограмнан асты», — деді Астана қаласының полиция департаментінде.
Полиция мәліметінше, ұсталған адам тыйым салынған заттарды мессенджерлер арқылы тарататын интернет-дүкеннің «қойма» қызметін атқарған. Медициналық куәландыру кезінде ер адамның есірткі қолданғаны да анықталды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін басқа адамдарды анықтап жатыр.
Астана полиция департаментінде тыйым салынған заттарды сақтау, өткізу және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Бұған дейін «Курсив» Астанада ер адамның жұбайын пышақтап өлтіріп, өзіне қол жұмсағанын жазған болатын.
