Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде бұзақылық жасаған жартылай жалаңаш ер адам қамауға алынды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның лифт есігін бірнеше рет тепкілеп, кіреберістегі балалар арбасын аударып жібергені көрінеді. Бұдан кейін ол іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындыруға әрекеттенген.

Полицияның мәліметінше, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сонымен қатар 30 жастағы ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін жауапқа тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға Астана қаласында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін тиісті шаралар қабылданды. Тәртіп бұзушылар ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам жалаңаш күйде субұрқаққа түскені туралы хабарланған болатын.