Астанада тұрғын үйлердің маңында қауіпті маневр жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг барысында тұрғын үйлердің маңында автокөліктің артқы бөлігін қасақана сырғытып, дрифт және қауіпті маневрлер жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген "Mercedes-Benz" автокөлігінің жүргізушісі анықталды.
Аталған әрекеттер қоғамдық тәртіпті қасақана бұзу ретінде сараланып, жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.
"Құқық бұзушылықтың сипаты мен оның қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот жүргізушіні 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Елорда прокуратурасы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және басқа азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
