Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспарында жедел жерүсті көлігін дамыту үшін трамвай жүйесін енгізу қарастырылған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба аясында трамвай паркі үшін 8 гектар жер бөлінбек. 2035 жылға қарай 65 жылжымалы құрам сатып алу жоспарланып отыр. Ал болашақта парк 200 трамвайға дейін қабылдай алады.
Трамвайлар ЛРТ жүрмейтін аудандарда қатынауы мүмкін. Әкімдік мәліметінше, көлік түрі жолаушылар ағыны тәулігіне 3,5 мың адамнан асатын аудандарда іске қосылуы ықтимал.
Жоспар бойынша трамвайлар 20 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Бұл кәдімгі трамвайдан жылдамырақ, жерүсті ЛРТ жүйесіне ұқсас көлік түрі болады.
