Астанада жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Автобус жүргізушісі көлік тізгінінде отырып, ұялы телефонмен сөйлескен кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен.
"Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді", – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот үкімімен жүргізуші 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
