Елордада автобустарда жүруге арналған атаулы мектеп және жеңілдік көлік карталарын Tarlan Astana станцияларындағы кассаларда рәсімдеуге болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"City Transportation Systems" компаниясының мәліметінше, 17 қазаннан бастап көлік карталарын рәсімдеу үшін орталық кассаға барудың қажеті болмайды.
"Станцияларда орналасқан кассаларда автобустарда және Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде жолақы төлеуге арналған мектеп және жеңілдік көлік карталарын рәсімдеуге болады", - деп хабарлады компания өкілдері.
Кімдер рәсімдей алады
Атаулы көлік карталарын мына санаттағы азаматтар рәсімдей алады:
- 01Астанадағы оқу орындарында білім алатын 7-18 жас аралығындағы оқушылар;
- 02Астанада тіркелген және тұрақты тұратын, қалалық мәслихат бекіткен жеңілдік санаттарына жататын азаматтар.
Мектеп көлік картасын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар
- 01ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігінің не төлқұжатының түпнұсқасы;
- 02баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;
- 03Астанадағы оқу орнынан берілген анықтаманың түпнұсқасы;
- 04өлшемі 3 × 4 см немесе 4 × 6 см түрлі түсті фотосурет.
Жеңілдік көлік картасын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар
- 01жеке куәліктің немесе төлқұжаттың түпнұсқасы;
- 02зейнеткерлік куәліктің түпнұсқасы;
- 03өлшемі 3 × 4 см немесе 4 × 6 см түрлі түсті фотосурет.
Сонымен қатар, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттарды, соның ішінде "Әлеуметтік ID" құжатын да пайдалануға болады.
