Елордада Tarlan Astana құрылысына байланысты бірқатар көше жабылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 7 қазаннан бастап Tarlan Astana екінші кезегінің құрылысына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Шектеу мына көшелерге енгізіледі:
- 01Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі учаскесінде;
- 02Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.
Жол қозғалысына қатысушылар қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлау қажет, дейді әкімдікте.
